KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 1 м/с, С
491.71 529.97 5.05

ШҚО-да қауіпті тасқын жүретін жерлердің картасы жасалады

14.03.2018, 12:00 134

Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов бүгін өткен брифингте мәлім етті.


Осы күннен бастап арнайы комиссия құрылып, орын алған ахуалға талдау жасау арқылы су мөлшері асып кетуі мүмкін жерлерді анықтауға тиіс.


-Алты тікұшақ облысты аралап ұшып жүр, - деді Даниал Ахметов. – Төрт-бес күннің ішінде барлық аудандарды қарап шығады. Мыңан тастам адам жұмылдырылды. Жағдай бақылауға алынған. Біздің мақсат – тек қауіпті аймақтарды анықтап қана қоймай, Ұлан ауданындағы секілді халықты уақытында ескерту.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Ұлан ауданының Мамай батыр ауылындағы ағаш көпірдің орнына  ені кеңейтілген темірбетонды көпір салынатынын айтты. Ол үшін жобалық-сметалық құжаттаманы тездетіп әзірлеу қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив