Шығыс Қазақстанда қылмыстық істерді жүргізу сандық форматқа ауысуда
Қылмыстық істерді сандық форматта жүргізу бума-бума қағазбастылықтан құтқарады. Аталған жоба сотқа дейінгі өндірісіті жеңілдетіп, қылмыстық үрдісті толықтай жеңілдетуге бағытталған. Бұл жүйеде барлық процессуалдық құжаттарды арнайы өңделген дайын үлгілер арқылы автоматты түрде қалыптастыруға болады. Сонымен қатар ол жерде қылмыстық істі жүргізу барысындағы барлық деректер мен дәлелдер де тіркеледі.
– «Электронды қылмыстық іс» атты жоба облыста өткен жылдың қыркүйегінен бастап пысықталып жатыр. Ол үшін арнайы жұмыс тобы да құрылған. Қазір аса ауыр қылмыс бойынша қылмыстық істер электронды форматта жүргізіліп жатыр,-деді облыс прокурорының бірінші орынбасары Ерғали Мәбиев.
Оның айтуынша процессуалды құжаттарды сол қылмыстық процеске қатысы барлар ғана көре алады. Бұл істің таза әрі ашық жүргізілуіне септігін тигізеді.
Оқи отырыңыз