KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Достық үйінде Елбасының халыққа жолдаған бес әлеуметтік бастамасы талқыланды

6.03.2018, 05:46 126

 Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында Елбасының ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа жолдаған бес әлуметтік бастамасын талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті. Отырысқа этномәдени бірлестік өкілдері және ҚХАҚоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің, Журналистер клубының, Жастар лигасының мүшелері қатысты.


Отырыс барысында сөз алған ШҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі А.Қ. Нұрғазиев бес әлеуметтік  бастаманың басым тұстарына жеке-жеке тоқталып, этномәдени бірлестік өкілдеріне түсіндіріп өтті.


Шараға қатысқан этномәдени бірлестік өкілдері, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл жолғы бес бастамасының халық үшін берері көп екендігін, және елдегі бейбітшілік пен бірлікті сөз еткен Елбасының ұстанымына әрдайым қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив