KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірасылов өскемендік ғалымдармен кездесті

2.03.2018, 10:43 264

Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірасылов Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға келді.


Болатбек Әбдірасылов Жолдаудың негізгі бағыттарына тоқталып, құжатта «барлық жұмыстардың бағыты нақты көрсетілгенін» атап өтті.


Ғылымдағы басым бағыттар энергетика және машина жасау, табиғи ресурстарды тиімді қолдану, ақпараттық технологиялар, өмір мен денсаулық туралы ілім болып отыр.



ШҚМУ баспасөз қызметінің мәліметінше, Болатбек Әбдірасылов жоғары оқу орындарын басқаруға қатысты дайындалып жатқан заң жобасы туралы, университеттер алдында тұрған жаңа міндеттер туралы айтқан. Сала алдында ғылыми инфрақұрылымды басқару жүйесін жетілдіру, ғылымға білікті және жас мамандарды тарту, PhD докторлары сапасын жақсарту, цифрландыру міндеттері тұр.



Ғылым комитетінің төрағасы ШҚМУ-дың «Назарбаевтану» және «Зияткер» ғылыми-білім беру орталықтарында, Біліктілікті растау орталығында болып, оқу орнының ғылыми жетістіктерімен танысты. Елбасы Жолдауын түсіндіру бойынша университет ғалымдарымен және ұжымымен кездесті.



Кездесу аясында ШҚМУ ғалымдары Э. Столярова «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білім»,  А. Жилкашинова «Қалпына келетін энергия көздері саласындағы зерттеулердің келешегі», Б. Рахәділов «Ғылым мен техниканың дамуы – бәсекеге қабілеттіліктің кепілі» тақырыптарында баяндама жасады.


– Университеттеріңіздің ғылыми әлеуеті дамып, іске асатынына кәміл сенемін, – деп түйіндеді кездесуді төраға.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив