KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 1 м/с, С
439.4 473.54 4.76

Өскемен мен Семей қалаларында оқу процесінің сапасын арнайы комиссия тексереді

28.02.2018, 08:45 60

ШҚО-ның екі басты қаласындағы барлық орта мектептерді жан-жақты тексеруден өткізеді. Бұл тапсырманы облыс әкімі Даниал Ахметов берді. Ол қалалық мектеп оқушыларының алатын білімінің сапасына қанағаттанбайды. Айта кетейік, соңғы оқу жылында ҰБТ-да аудан оқушыларының көрсеткіштері жоғары болған. Мысалы, Аягөз қаласында екі түлек 138 балл жинап, елдегі үздік сегіздікке еніп отыр.


 - Мені Семей мен Өскемен қалаларының білім беру сапасы алаңдатады. Мен тағы да әкімдерге білім беру жүйесімен айналысуды тапсырамын. Көкпекті ауданында ҰБТ-да балалардың 100-ден астам балл жинаған мектептерінің саны осы қалалармен салыстырғанда әлде қайда көп. Тиісінше, осы екі қалада мұғалімдердің оқыту деңгейі аудан орталықтарына қарағанда әлдеқайда төмен. Бізге кешенді комиссия құру қажет, оған университет оқытушыларын жұмылдырып, Өскемен мен Семей қалаларындағы оқу процессінің сапасын тексеруіміз керек, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Алдағы айларда арнайы топ жұмысқа кіріспек. Құрамына депутаттар мен түрлі құрылымдардың өкілдері кіреді. Айта кеткен жөн, бірнеше жыл бойы Аягөз, Көкпекті және Үржар аудандарының оқушылары ҰБТ-да жоғары көрсеткіштер көрсетіп келеді.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив