KZ
Өскемен
-12°
туман Штиль
498.34 519.72 4.85

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасы қысқартылды

gov.kz

12.05.2024, 23:00 246 Назерке Каримова

Ойындар бір күнге қысқартылып, 8-13 қыркүйек аралығында өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі KAZINFORM ақпаратына сүйеніп.

Мемлекет басшысы бірқатар өңірдегі су тасқыны жағдайын ескере отырып Үкіметке, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға имидждік іс-шаралардан бас тартуды және алда өтетін көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығынды қысқартуды тапсырған еді.

Президент тапсырмасы бойынша 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекциясы спорттық бағдарламаға өзгерістер және ұсыныстар енгізді.

-  «Ссирым» ойыны толығымен алынып тасталды. «Мас-рестлингтен» 4 салмақ дәрежесі алынып тасталып, 8-і ғана қалды. Медальдар ерлер арасында 5 салмақ дәрежесі бойынша, ал әйелдер арасында 3 салмақ дәрежесінде ойнатылады. «Көкпар» 6 күннен 3 күнге қысқартылды. «Алыштан» салмақ дәрежелері екі есе қысқартылды. Сонымен қатар «Құраштан» 3 салмақ дәрежесі алынып тасталды. «Арқан тартыс» тек 2 салмақ дәрежесі бойынша ерлер мен әйелдер арасында өткізіледі, - деп хабарлады іс-шараны дайындау және өткізу дирекциясы.


Одан бөлек, ойындардың спорттық бағдарламасына «Көкбөрі» және «Кореш» қосылды. Қырғыз ойына Көкбөрі олимпиадалық жүйе бойынша 3 күн ішінде өткізіледі. «Кореш» татар белдік күресі тек ерлер арасында 4 салмақ дәрежесінде өтеді.

Сондай-ақ, кеңесте еріктілердің, ұйымдастыру комитетінің, төрешілердің мен қызметкерлердің киім үлгілері таныстырылды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу