Риддердегі ескі трансформатор ауыстырылды
pixabay.com
Қыс бойы Риддер қаласының кей шағын аудандарында жарық жиі өшіп қалатын.
Ескірген трансформатор ток қысымын көтере алмай, істен шығып, жарық өшіп қала беретін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қалалық әкімдіктегілер биыл бұндай мәселе туындамайтынына сендірді.
- Қыста алтыншы және жетінші шағын аудандарда электр қуаты өшіп қалып, халыққа ыңғайсыздық тудырды. Қалалық бюджеттен сыртқы қондырғының үш трансформаторлық қосалқы станциясын ауыстыруға қаражат бөлінді. Қазіргі таңда құрылғыны орнату жұмыстары аяқталды, - деп түсіндірді Риддер қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Мұрат Байжұменов.
Оның айтуынша, енді риддерліктерді жарық сөніп қалу мәселесі мазаламауы керек.
Оқи отырыңыз