KZ
Өскемен
+27°
переменная облачность жел 6 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Киелі жерлерге «саяхат»

11.04.2018, 11:24 134

Киелі нысандарды халыққа кеңінен таныту мақсатында облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Шығыс Қазақстан. Қасиетті мекендерге саяхат» атты көрме ашылды.


Естеріңізге сала кетсек, ҚР Ұлттық музейі жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы еліміздегі жалпыұлттық киелі нысандардың тізімін жариялаған болатын. Ұзын саны 185. Оның құрамына өңірімізден 13 нысан енді. Табиғи мұра ескерткіштер: Мұзтау, Қоңыр Әулие үңгірі, Алакөл. Бірегей жәдігерлер: Берел қорғандары, Шілікті жазығы, Ақбауыр кешені. Тарихи тұлғалар және діни орындар: Ырғызбай әулие, Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Ер Жәнібек батыр мазарлары мен «Жидебай-Бөрілі» мәдени-тарихи кешені. Жалпыұлттық қасиетті нысандар: Ф.М.Достоевский атындағы әдеби мемориалдық музей, «Алаш арыстары» музей-үйі және «Өлімнен де күшті» ядролық сынақ құрбандарына арналған ескерткіш.


[su_slider source="media: 28219,28220,28221,28222,28223"]


 – Өңіріміз рухани байлығы, тарихи жәдігерлері бойынша тек қана республика емес, Еуразия құрлығы бойынша бірінші қатарда тұр. Бұлай деуіме басты себеп – облысымыздың орналасу жағдайы. Біз түрлі мәдениеттердің тоғысқан нүктесіндеміз. Мына көрме де осынау байлығымызды келешек ұрпаққа таныту, көрсету мақсатында ашылып отыр, – деді Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті құрамындағы «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, археолог Елдос Кариев.

Жалпыұлттық киелі нысандармен бірге «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы 500 аумақтық қасиетті жерлерді де тізбелеген-тұғын. Олардың 25-і біздің облыста.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив