KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность Штиль
480.61 534.53 5.28

Риддердегі көппәтерлі үйлердің 87 пайызы қысқа дайын

сурет көрнекілік үшін алынды: depositphotos.com

9.09.2024, 12:18 282 Ержан Әбіш

Риддерде жылыту маусымына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Қыста қала тұрғындарының жайлы тіршілігін қамтитын маңызды инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар назарға алынған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ЖЭО-да жөндеуді аяқтаумен қатар, жылу желілерін жаңартуға, көппәтерлі үйлерді жылыту кезеңіне дайындауға айтарлықтай күш жұмсалды.

Қалалық ТҮКШ бөлімінің хабарлауынша, жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарының 90%-ы орындалды.

­– Бүгінгі таңда 356 техникалық дайындық актісі алынды, бұл – жылу энергиясын қабылдайтын тұрғын үйлердің 87%-ы. Биыл 19 шақырым жылу желісі ауыстырылды. Өткен жылы желілерде жылу шығыны тіркелген, биыл бес шақырым жылу трассасы қапталды. Жұмыстар жоспарлы түрде жүруде, мерзімінде аяқталады, – деді Риддердің әкімі Думан Рахметқалиев.

Қысқа дайындық аясында ПИК және МИБ пәтер иелерімен бірге көппәтерлі үйлердің инженерлік жүйелеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізді. Қала тұрғындары жылумен, сумен жабдықтау жүйелерін ауыстырып, жаңа радиаторлар орнатуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив