KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность Штиль
480.61 534.53 5.28

Герасимовкада 44 үй салынып жатыр — ШҚО

9.09.2024, 17:11 90 Жанаргүл Мұқатай

Ұлан ауданында «Бір қабатты Шығыс» жобасын іске асыру жалғасуда, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі.

Ағымдағы жылы Герасимовка ауылында 1,6 млрд.теңгеге 44 екі пәтерлі үй (88 пәтер) салынып жатыр. Ауылда көпбалалы отбасыларға арналып 690,2 млн. теңгеге 34 пәтер, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 897,4 млн. теңгеге 54 пәтер салынып жатыр.

Қала іргесіндегі Герасимовка ауылының жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту үшін биыл ауыл көшелерінің жолдарына орташа  жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосыновтың баспасөз мәслихатында айтқанындай, ағымдағы жылы Герасимовкамен қатар Айыртау, Мамай батыр,  Украинка, Таврия, Қасым Қайсенов ауылдарына да орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив