KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Ел біріншілігінде шығысқазақстандық жеңілатлеттер топ жарды

22.02.2018, 09:34 150

Өскеменде жеңіл атлетикадан екі ірі жарыс – 2001-2002 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі мен жастар арасындағы жабық кешендегі республикалық ашық чемпионат мәресіне жетті.


Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде өткен сайыстарға еліміздің облыстары мен қалаларынан, сондай-ақ Қырғызстаннан келген ұзын саны 514 спортшы қатысып, жеңіл атлетиканың 15 түрінен сынға түсті.


Екі күнге созылған додада шығысқазақстандық спортшылар алдына жан салмай, жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынға көтерілді.


Айта кетейік, ел біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен спортшылар биылғы қазан айында Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өтетін жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын болады.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив