KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 3 м/с, В
488.26 530.54 5.03

Зайсанда Шәмші әндері әуеледі

20.02.2018, 06:43 283

Аудандық мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жастар ресурстық орталығы және «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Шәмші әндері» байқауы өтті.


Екі кезеңнен тұрған байқауға қатысушылар эстрадалық жанрдағы, сондай-ақ музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындалатын әндерді шырқап, сынға түсті. Байқау барысында Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында», «Ана туралы жыр», «Сыған серенадасы» сияқты танымал әндері орындалып, жиналған тыңдарманның құлақ құрышын қандырды.


Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені қараталдық Аяулым Қизатова жеңіп алса, бірінші және екінші орындарға кеңсайлық Мөлдір Мәуітайқызы мен шіліктілік Әдия Төстікова көтерілді. Үшінші орынға Айнабұлақ ауылынан келген Қайнар Сымбатұлы ие болды.


Жүлдегерлер аудан әкімінің дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив