KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
475.39 513.37 5.4

Ауылдарға ауызсу тартылады

14.02.2018, 10:17 134

Күршім ауылында 60 пәтерлі тұрғын үй салынбақ. Құрылыстың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге облыстық бюджеттен 15 миллион теңге қарастырылған.


Сондай-ақ биыл Маралды және Барақ батыр ауылдарына ауызсу құбырлары тартылмақ. Ал Марқакөл ауылдық округіндегі кәріз желілері мен тазарту құрылғыларын салуға, жобалық-сметалық құжат әзірлеуге облыстық бюджеттен 20 миллион бөлінген.


Ағымдағы жылы Күршімдегі кәріз желілерін қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынбақ. Бұдан бөлек, «ГРК МЛД», «КЭМП Восток», «ГРК Визол» ЖШС сияқты кен өндіру орындары аудан экономикасына қыруар инвестиция салады деп күтілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив