KZ
Өскемен
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Балаңыз бассейнге барып жүр ме?

7.02.2018, 06:20 90

Қыстың көзі қырауда суға түсіп жүр. Жо-жоқ, өткендегі қаңтардың қақаған аязына қарамай шоқынған жұртпен бірге шомылған ағайындар емес, бассейнде жүзген балалар туралы айтпағымыз.


Иә, Өскеменде бір емес бірнеше бассейн бар. Бәрі де талапқа сай. Солардың ішіндегі ең ірісі – Ертістің сол жағалауындағы спорттық кластерде орналасқан орталық суда жүзу бассейні. Мұнда келушілердің легі азаннан ақшам жамырағанша бір үзілмейді. Таңғы сағат сегізден кешкі сегізге дейін бассейн тек мектеп тәрбиеленушелерінің құзырында. Ал арасындағы бос уақыт (сағат 10.40 пен 14.00 арасы) салауатты өмір салтын ұстанатын 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге арналған. Ересектерге де кешкі сағат 20.00 мен 22.00 аралығында өздерін «моряк» сезінулеріне мүмкіндік бар.


Бір айта кетерлігі, қаладағы кейбір әлеуметтік топтарға, жеті жасқа дейінгі балаларға бассейнде жаттығу, жүзуді үйрену және уақтылы кестемен машықтану тегін. Ал оқушылар үшін елу пайыздық жеңілдік қарастырылған. Мұндай мүмкіндік өзге облыс орталықтары мен ірі қалаларда жоқ.


Осындай тамаша бассейннің жұмысы мен ол жерде өткізілетін әртүрлі жарыстар, балалардың жаттығуы туралы аталған мекемеден арнайы жасаған репортажды «Дидар» газетінің 8 ақпан күні жарық көретін санынан оқи аласыздар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив