KZ
Өскемен
+21°
небольшой дождь жел 2 м/с, Ю
443.72 482.28 4.9

Қасқырлардың малға шабуы жиіледі

5.02.2018, 04:57 155

Шығыс Қазақстан облысындағы шалғай ауыл-аймақтың малына қасқыр тиіп жатыр. Түз тағыларының табын малға шабуы жиілеп кетті. Бұндай оқиғалар әсіресе  Зайсан, Тарбағатай, Күршім аудандарында тіркелген.


-Қазір қасқырлар қоң жинауға кіріскен уақыт. Сондықтан талғажау етер қорек іздеп ауыл-аймақтың қораларын, табындағы малдарын аңдумен жүреді,-дейді  облыстық табиғи ресурстар және табиғатты қолдануды реттеу басқармасының өкілдері.

Сонымен қатар, жыртқыштарды  аулауға  биылғы табиғи жағдай да біршама қолайсыздық туғызып отыр.


-Биыл мінеки қар аз болып тұр, сондықтан жол талғамайтын көлік арқылы қасқырдың соңына түсу тіпті де мүмкін емес,-дейді басқармадағылар.-Оның үстіне жыл басы болғандықтан, тендер әлі өткен жоқ. Осы себепті әр өлтірілген қасқыр үшін аңшыға төленетін 12 мың теңге төлем де кешіктіріліп жатыр. Ал жеке аңшылардың көмегінсіз, жедел отрядтың жұмысы қиындап кетеді.

Айта кету керек,  өлкеде қасқырлар саны да артып келе жатыр.  2015-ші жылы олардың саны 948 болса, 2017-ші жылы көрсеткіш 1010 басқа жеткен. Бұл түз тағыларынан мал-жанға төнер қауіптің зор екендігін көрсетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив