KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2,2 м/с, ОШ
486.44 534.31 5.06

Автокөлік иелеріне арналған жеңілдіктер

2.02.2018, 03:38 137

Жоғарыда айтқандай автокөлік иесінің меншіктегі көлігін айдап кеткен кезде, оның иесі енді көлік құралы салығын төлемейтін болды. Көліктің есепте тұрғанына немесе есептен шешкеніне байланысты емес. Бұрын меншік иесі көлікті есептен шығарғанша салық төлейтін, енді оның қажеті жоқ.


Автоәуесқойлар үшін тағы бір жаңалық – мемлекеттік нөмір нұсқасын беру үшін мемлекеттік баждың төмендеуі. Бұрын көліктің нөмірін жоғалтқан кезде көлік иелеріне нөмірлердің толық жиынтығын алу қажет болған, яғни екі нөмір және осы екі нөмірге екі мемлекеттік баж төленді, 2,8 АЕК - 6 734 теңге. Енді бір нөмірдің нұсқасын ғана алып, бір рет қана мемлекеттік баж төлейді, 1,4 АЕК - 3 367 теңге. Көлік есептен алынған соң, оның нөмірі ІІО-на беріледі. Ол 30 күн бойы сақталып, содан кейін жойылады. Егер көлік иесі бұрын осы мерзім ішінде бұрыңғы нөмірін қайтадан алғысы келсе, мемлекеттік баж салығын төлейтін. Енді оны төлемей-ақ ала алады.


Ұялы байланыс операторы абонентке баланс есебінен қолма-қол ақшасыз сатып алу жасаған кезде бонустар сыйға тартса, онда мұндай бонустарға табыс салығы салынбайды. Операторлар үшін бонустар есептеу кезіндегі салықтық кедергілер жоғалды.


Қазіргі таңда әлеуметтік желілер арқылы сауда жасап жатқандар электрондық алаңға көшсе, онда табыс салығын төлемейді (Сату, Дарбазар, Чоколайф, Флип және т.б.). Жеңілдік алу үшін мынандай талаптар қойылған: мәмілелерді электрондық нысанда рәсімдеу және тауарлар үшін төлеу ақысын қолма-қол ақшасыз төлеммен жүргізу. Тауарлардың электрондық саудасынан түсетін кірістер ЖЖТ кем дегенде 90 пайызын құрауы тиіс.


«Қорғас» ШҚХО АЭА (арнайы экономикалық аймақ) жеңілдіктерін енді тек заңды тұлғалар ғана емес, жеке кәсіпкерлер де қолдана алады (ЖТС, мүлік және жер салығы, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив