Қазақстандықтар Республика күнінде қалай демалады?
Ағымдағы жылдың қазан айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 9 күн демалып, 22 күн жұмыста болады, - деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.
Биыл мереке жұмаға сәйкес келеді, бұл еліміздің көптеген тұрғындарына үш күн қатарынан демалуға мүмкіндік береді: аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн – 25, 26 және 27 қазанда демалады. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін жағдай басқаша. 25 қазан демалыс, ал 26 қазан жұмыс болады. 27 қазан қайтадан демалыс күні болады.
Естеріңізге сала кетейік, Республика күні алғаш рет 1990 жылы Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны қабылдау құрметіне құрылған болатын.