KZ
Өскемен
+28°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
441.66 475.14 4.86

«Шығыс Ұландары» тәрбиеленушілерімен кездесу

1.02.2018, 03:07 111

Жуырда Аягөздегі № 6 мектептің «Шығыс Ұландары» тәрбиеленушілеріне   Ауған соғысы ардагерлері    ерлік  сабағын  өткізді. Кездесуге аудандық  білім  бөлімінен  С.Қыржыбаев, келісім – шарт бойынша  әскери қызметшілерді қабылдау, әскерге  шақыру және әскерден тыс даярлық   бөлімшесінің  бастығы лейтенант Д. Батырбеков қатысты. Ауған  соғысының  ардагерлері Р.  Бейсеков, А.  Арқабаев ұландарға әскери өмірдің  қыр-сырларын айтып, Тәуелсіз  еліміздің  болашағын  қалауға  шақырды. Оқушылар   кездесуден әдемі  әсер  алып, көкейлеріндегі сауалдарына тұщымды жауаптар алды. Ардагерлер әскери өмірге қызығушылық танытқан жасөспірімдерге риза болысты.



Шара соңынан  былтырғы жылдың 27 -29 қыркүйек аралығында  Өскемен  қаласында  өткен  облыстық  әскери дайындық пәні оқытушыларына арналған оқу – әдістемелік жиынына қатысқандары  үшін   Алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшілері Т. Нығметуллин, Ж. Иманшартов, Ә.  Қойшуев, А.Еділбаев, Ұ.Сағымбековтарға  сертификаттар табысталды. Серификаттарды  Аягөз қорғаныстар істері жөніндегі біріккен бөлімінің инспекторы  В.Салибаева табыс  етті. Әскери  жетекшілер өз  кезектерінде  ұландарға  денсаулық, қажымас  қайрат, табандылық  тіледі.


Бұл кездесу жас патриоттар  үшін есте қаларлық күн болғанын айта кеткен абзал.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив