KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 2 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Ауған соғысының ардагерлеріне көрсетілген құрмет

24.02.2013, 18:00 231


Тарбағатай ауданындағы Ақжар ауылының мәдениет үйінде кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай «Антқа адалдық – бабаларымыздан қалған айнымас салтымыз» атты кеш өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Ауыл кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен кешке ауған соғысының ардагерлері мен кезінде әскери борышын Куба Республикасында өтеген азаматтар шақырылды.

Жат жерде әскери борышын өтеп, антқа адалдық танытқан жандармен кездесуге жиналған ауылдың үлкен-кішісі ардагерлерге құрмет көрсетіп, игі тілектерін айтты.

Ақжарлық ауған соғысының ардагерлері де сонау сұрапыл жылдардан есте қалған елеулі сәттерді әңгімелеп, мектеп оқушыларының сұрақтарына жауап қайтарды.

Кеш соңында Ақжар ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Сауытжанова жиналғандарды атаулы күнмен құттықтап, ардагерлерге бағалы сыйлықтар табыстады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив