KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1 м/с, С
481.19 538.45 5.18

Әскерге шақырушылар күні ерекше аталып өтілді

1.11.2017, 11:52 295

Семей қаласының Облыстық тарихи-өлкетану музейі, ҚР №5511 Ұлттық ұлан және Қалалық мәдениет Сарайымен бірлесе отырып «Күзгі әскерге шақырылушылар күні» атты іс-шара өткізді.


Бұл шара жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеуге септігін тигізеді, деді тарихи өлкетану музейінің қызметкері Жанна Игілікова. Отан алдында әскери және азаматтық борышын өтеу сезімін қалыптастыру, жас ұрпақтың Отан қорғауға дайындығын тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған осы жиынға музейдің «Ерлік пен Еңбек даңқы» бөлімінде әскерге шақырушылар үшін арнайы экскурсиялар жүргізілді.


Ұлы Отан соғысының ардагерлері Петр Коломин М.Червинский, тыл ардагерлері Рашида Хасанова, Ауған соғысының ардагері А. Шагиев, ҚР Қарулы күштерінің ардагері Р. Махудаевтар Ұлы Жеңістің қандай қиындықпен келгені туралы айтып берді. Өз өмірлерінен мысалдар келтірді.


Күзгі әскерге шақырушылармен бірге қаладағы №38 мектеп лицеиінің оқушылары және радиотехника колледжінің студенттері де қатысты. Іс-шара соңында барлығы № 5511 әскери бөлімдеріне барып, әскерилердің тұрмыстарымен, күнделікті өмірлерімен, әскери бөлімдердің арнаулы ғимараттарымен, кітапхана, әскери техникаларымен және қару үлгілерімен танысты.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив