KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Өскеменнің шетіндегі ауылдық округтердің тұрғындарының қоғамдық тасымал көліктерінің жұмысына көңілдері толмайды

24.01.2018, 08:39 153

Облыс орталығында қоғамдық тасымал көліктеріне қатысты қиын мәселе туындады. Қала шетіндегі ауылдық округтердің тұрғындары наразы.


Қыстың үскірік аязында автобусты 1 сағаттан артық күтуге тура келеді. Аялдамаға барсаң адам көп. Барлығы 1 автобусты күтіп тұрады. Одан қалса қалаға дейінгі аялдамалардан да топ - топ адамдар мінгеннен қоғамдық тасымал көлігінің есігі әрең жабылады. Іші суық.


-Таңертен үйден 8 жарымда шықтым. Жаңа - Ахмер ауылында турамын. Аялдамаға барам, қаптаған халық. Тонып кетіп дүкенге кіріп тұрайын десем тағы да адамдар толып тұр. Еріксізден далада тұрдым,- дейді Гүлдана есімді бойжеткен. - Сақылдаған сары аязда автобус жоқ деген жәйт көңіл күйімді түсірді. 1 сағаттан соң 42 автобус келді. Бәріміз міндік. Ішіне кірсен, шыны керек сырғанақ тебуге болады. Кондукторлар таңертеннен ішін жуып кояды ғой деймін. Автобус онға бұрылса солға ,солға бұрылса онға сырғимыз.

Ал, кешкі 6 кезінде жұмыстан қайтатын уақытта автобусқа тағы сыймайсың, есіктің алдында ұшып кететіндей болып тұрасын. Кейде адамның көп болғаны соншалық тоқтамай өтіп те кете береді. Амал жоқ,келесісін тағы 1 сағат күтесің.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив