KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Қоғамдық көлік жүргізушілерінің жүгенсіздігі

12.11.2017, 07:47 158

Редакциямызға  өзінің өтінішіне мүлдем құлақ аспаған  автобус  жүргізушінің қылығына наразылық білдірген Өскемен қаласының тұрғыны хабарласты.  Айтуынша,ол  екі баламен бірге автобус аялдамасында тұрған.  Өзі күткен № 17  бағыттағы автобус  келген кезде,көліктің тек екі есігі ғана ашылған


- Мен автобустың алдыңғы есігіне келіп едім,есікті ашпады, тіпті оны қағып та көрдім. Көлік жүргізушісі де, кондуктор да селт еткен жоқ,-  деді өз шағымында қала тұрғыны.

Белгілі болғандай,  алдыңғы есіктердің  жабық тұруы тек  бізге хабарласқан  тұрғынды ғана емес, көптеген қоғамдық көлік қызметін тұтынушыларды алаңдатады екен.  Әсіресе қыс маусымында бұл мәселе жиі кездесетін болып шықты.


Жолаушылар тасымалы басқармасындағылар болса ,  бұл келеңсіздіктің нақты  себебін тек  автокөлік тасымалымен айналысушылар ғана біледі, өйткені бұл соларға қатысты проблема, - деген уәж айтты.


Ескітері аракідік істейтін ескі автобустардың жайы жақында  облыстық деңгейде өткен жиында да талқыланды. Өңір басшысы  құзырлы органдарға  автотасымалдаушыларға қатысты қажетті шараларды жүргізу туралы нақты тапсырма берді.


- Транспорт қызметін ұсынушылар неге өз міндеттерін дұрыс атқармайды?  Өскеменде де,Семейде де тозығы жеткен ескі автобустар жүреді, сонысына қарамастан үнемі тарифті көтеруді сұрайды, ол өтініштері орындалса да, соған тұрарлық қызмет көрсетіп жатқан жоқ.  Осы жағдайға ерекше мән беру керек, — деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов өз сөзінде.

Мақала басында айтылған  № 17  бағыттағы көлік   «Voska» ЖШС –не  қарасты екен. Алайда аталған кәсіпорын   өкілдері , басшылық орнында жоқ деген желеумен , осы оқиғаға байланысты қандай да бір жауап беруден бас тартты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив