Аң аулауға арнайы белгілерді кім орнатады?
– Аң аулау жерлерінде арнайы белгілерді және аншлагтарды орнату кімнің есебінен жүргізіледі, және тұрғылықты мекендердің шетінде аң аулауды жүргізуге рұқсат па?
Төкен Есқожа
Тарбағатай ауданы.
Сауалға облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Медет Нұрғалиев жауап береді:
– Аншлагтарды орнатуды арнайы жануарлар дүниесін пайдалану құқығы бар аң аулау шаруашылығы субъектілеріне бекітілген аумақтарда жануарлар дүниесін пайдаланушылар өз қаражаты есебінен жүргізеді.
Аң аулау ережесі бойынша елдi мекендердiң аумағында аң аулауға тыйым салынған. Сондай-ақ олармен iргелес аумақтарда аң аулау ережелерiне сәйкес аңшылық атыс қаруын қолдану қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлмейтiн қашықтықта рұқсат етілмейді. Осыған орай, аң аулау тек қана арнайы тағайындалған орындарда ғана жүргізіледі.