KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Облыс әкімі археологтармен кездесті

20.01.2018, 03:05 153

Облыс әкімі Даниал Ахметов археологтармен кездесіп, алдағы жазда атқарылатын шаруалардың мән-жайын талқылады. Осы жиында облыс әкімі Шіліктіден табылған Алтын адамның Астанадағы көшірмесін Шығыс Қазақстан облысы үшін де жасататынын жеткізді. Сондай-ақ, Ә.Төлеубаев облыс әкімі Д.Кенжетайұлына  облыста археологтардың жаңа буынын даярлау мәселесінің маңызды екенін айтып, облыс әкімінің гранты аясында әр ауданнан бір талантты баланы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық  университетінде  археология мамандығына оқыту жайында ұсынысын жеткізді.


- Сондай-ақ музей саласына да мамандар ауадай қажет.  Өңірдің музейлеріне қажетті   5-10 баланы  облыс әкімінің гранты аясында оқытсақ, ол да артық етпейді, ­ - деді Ә. Төлеубаев.

Ал профессор Зейнолла Самашев облыс әкіміне Шығыс Қазақстанның археология институтын ашу туралы тың идея тастады.  Өз кезегінде облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы ғалымдардың бұл ұсыныстарын  құптап, қолдау білдірді. Қос ғалымға он күннің ішінде  Шығыс Қазақстан археология институтының бюджеті мен мамандар құрамы жайында мәліметтерді әзірлеуді тапсырды.


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив