KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

«Нұрлы жер» бағдарламасының игілігін көреді

22.12.2017, 03:35 180

Семейде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы жұмыстарын жүргізу үшін үш ықшам аудан бөлінеді.


Келер жылдың сәуір айынан бастап аталмыш бағдарламаның бірінші кезеңін жүзеге асыру мақсатында «Ұшақтар», «Ақсай», «Комсомол» ықшам аудандарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілері тартылмақ. Жоспарға сәйкес, 2018 жылы «Ақсай» ықшам ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер бой көтереді.


Ресми дерек көздеріне сүйенсек, бүгінде Семейде 10 гектар жер телімін алуға 24133 адам кезекте тұр. Алдағы жылдары аталмыш бағдарлама бойынша 13715 отбасы баспаналы болады деп жоспарлануда. Осы орайда, ағымдағы жыл басынан бері Семейде 82 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін айта кеткен орынды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив