KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
471.83 505.66 5.4

Семейде жекеменшік тұрғын үй құрылысы дамып келеді

11.12.2017, 10:58 141

Семейде «Нұрлы жер» бағдарламасы қолға алынған. Осы арқылы Ұшақтар, Ақсай, Комсомол кенттерінде инженерлік инфрақұрылымдық жұмыстары жүзеге асуда, деді қала әкімі Ермак Сәлімов. Соңғы кезде жер алу мәселесіне тұрғындардың қызығушылығы артып отыр. Жоғарыда айтылған Ұшақтар кентіне халық көп орналасқандықтан жақында 1200 орындық мектеп ашылды. Осыған орай бұл жерге электр сымдары тартылып, үйлер жарықпен қамтылуда. Қала әкімінің айтуынша, соңғы жылдары бірде-бір рет жекеменшік жер үй құрылысына жер телімі берілмеген. Себебі алдымен ол жерлерге инженерлік инфрақұрылым тарту керек. Осыған дейін бұрындары ауылдан көшіп келгендер қалай болса солай орналасып алған соң, бізде жарық жоқ, су жоқ деп реніш тудырып жатыр. Бүгінде қала басшысының айтуынша, 10 сотық жер телімін алу үшін Семейде 24 мыңнан аса адам кезекте тұр. Қала әкімдігі ұсынатын 10 шағын аудан 13 715 отбасын жермен қамти алады.



Әрине, 10 шағын ауданды сумен және электр жарығымен бірден қамту мүмкін емес, деді әкім, сондықтан да бұл жұмыстар біртіндеп атқарылатын болады. Ең алдымен Ақсай, Ұшақар, Комсомол кенттері үшін дайындық жұмыстары электр желісі бойынша жүргізіледі. Ақсайда электр энергиясын 2018 жылдың сәуір айынан бастап тартамыз. Ал Ұшақтарда су құбыры сәуір айында басталады.


Айта кету керек, 2018 жылы Ақсайда «Нұрлы жер» бойынша жаңадан үйлер салынбақ. Бүгінде өзіндік құрылыс материалдарын шығаратын және жер үй салуда озық жобалары бар «Сәт Транс» ЖШС-і осы іске белсене кіріспек. 2017 жылы тұрғын үй құрылысы бағдарламасына 82 мың 300 шаршы метр жер бөлінген. Келесі аптада Ақсай ауданында кім өзіне «Нұрлы жер» бойынша баспана тұрғызғысы келеді, солар әкімшілікке келіп білулеріне болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив