KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Полицейлер Тәуелсіздік мерекесін атап өтті

15.12.2017, 10:33 212

Тәуелсіздік күні – республикамыз үшін айтулы күндердің бірі. Бұл ұлық мейрамды еліміздің тәуелсіздік тұғырының нық болып, азаматтардың құқығын қорғау мақсатында тер төгіп, қала қауіпсіздігі мен тыныштығын күзетіп жүрген полиция қызметкерлері де мерекелік көңіл күймен атап өтті. Осыған орай Семей қалалық Ішкі Істер басқармасында басқарма басшылығы мен жеке құрамы, сондай-ақ ішкі істер органдары ардагерлерінің қатысуымен салтанатты мерекелік іс-шара өтті.


Салтанатты іс-шара еліміздің әнұранымен ашылып, ІІБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Мұрат Танашұлы Құлжабаев құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктерін, Елбасы басшылығымен жасалған қоғамдық тұрақтылық пен өркендеудің бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалардың жүзеге асырылуы нәтижесінде еліміздің өркендеп отырғанын атап өткен полиция полковнигі ел тәуелсіздігінің нығаюында ішкі істер органдарының қосқан үлесі де зор деді.



Ардагерлер ұйымының жұмысына, жас қызметкерлерді қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, олардың кәсіби шеберлігін арттыруға қосқан үлестері үшін ҚР Тәуелсіздігі күнін мерекелеуге байланысты ІІО және Ұлттық ұландар қазақстандық ардагерлер кеңесінің президиумының қаулысы негізінде отставкадағы милиция полковигі Маулкан Ахметов, отставкадағы ішкі қызмет майоры Надежда Павловна Щербинина және отставкадағы милиция майоры Альфия Николаевна Потылициналар «ІІМ құрметті ардагері» төсбелгісіне ие болды.



Қоғамдық тәртіпті сақтауда, өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін ішкі істер департаменті бастығының бұйрығымен Семей қалалық ІІБ жол-патрулдік полиция баталонының командирі полиция майоры Нұрлан Заманбекұлына, криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция майоры Берікжан Сапарбекұлы Сапарбекке және ШҚО ІІД (Семей қаласында орналасқан) Жедел қимыл арнайы жасағының командирі полиция капитаны Ербол Қайратұлы Ризинге «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгісі табысталды. Сондай-ақ, 21 қызметкер ішкі істер басқармасының грамотасымен және 166 қызметкер ақшалай сыйақымен марапатталды. Салтанатты жиын соңы Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филормония қызметкрелерінің мерекелік концертімен жалғасты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив