KZ
Өскемен
+20°
дождь жел 2 м/с, Ю
475.39 513.37 5.4

Үштілділік – заман талабы

13.12.2017, 05:45 167

Білім және ғылым министрлігінің «2015-2019 жылдары облыстың барлық білім беру деңгейіндегі ұйымдарында үш тілде білім беруді сынақтан өткізу туралы» бұйрығына сәйкес үш тілді білім беруді енгізу бойынша Шығыс өңірі пилоттық облыс болып саналады. Осы орайда өңіріміздегі білім беру жоспарының бірінші кезеңі бойынша тіл меңгеруде үздік нәтижеге жеткен 12 мұғалімге 170-800 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.


Кешенді жоспарды іске асырудың бірінші кезеңінде іс-шараларды өткізу сапасын қамтамасыз етуге байланысты қаржылық, ұйымдастырушылық, кадрлық жағдайларды шешу көзделген. Оқушылардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін ағылшын тілі мен орыс тілін меңгеру үшін сағат санын көбейту, кең жолақты интернетке қол жеткізу көзделген.


Орыс және ағылшын тілдерін терең игеру үшін вариативтік бөліктен қосымша сағаттар бөлінді. Бөлінген қаражат мұғалімдердің білімдерін диагностикалау, тілді оқыту әдістемесі бойынша курстарды саралап ұйымдастыруға мүмкіндік берді.


Ұстаздар емтихан тапсырды


Кешенді жоспардың бірінші кезеңінде белгілі болғандай, орыс тілде оқытатын мектептердегі 1178 қазақ тілі мұғалімдерінің тек 29% ғана өз пәнін кәсіби, жоғары деңгейде меңгерген. Ал қазақ тілінде оқытатын мектептердегі 985 орыс тілі мұғалімінің 11% ғана өз пәнін кәсіби түрде игерген. 1264 ағылшын тілі мұғалімінің тек 3% ғана тілді жетік меңгерген. Мұғалімдерге тілді Кембридж әдістемесі бойынша оқытуды үйрету үшін Ұлыбритания, АҚШ және Еуропаның дамыған мемлекеттерінен тікелей тіл тасымалдаушылар тартылған. Нәтижесінде, бірінші рет барлық ағылшын тілі пәні мұғалімдері, тілді оқыту әдістемесін меңгеру деңгейін анықтау үшін халықаралық емтихан тапсырды. ТКТ емтиханының қорытындысы бойынша мұғалімдердің 75% базалық деңгейде білім көрсеткен. Осыған байланысты мұғалімдерді оқыту биыл да жалғасын тапты.


Өңірімізде былтыр 3500, биыл 2500 мұғалім арнайы тіл курстарынан өткен. Биыл өңірдегі үштілді білім беру жоспарының бірінші кезеңі бойынша тіл меңгеруде үздік нәтижеге жеткен 12 мұғалімге 170-800 мың теңге көлемінде сыйақы берілді. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Аxметов мәлімдеді.




«Жолдауда дамудың шешуші басымдықтарының бірі ретінде адами капиталдың сапасын жақсарту көрсетілген. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев білім беру саласының жаңа экономикалық өсудің орталығына айналу мақсатын қойды. Бұл бағытта инфрақұрылымды дамыту мен Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңартылған мазмұнға көшуге басты назар аударылмақ», - деді Даниал Аxметов.



Аймақ басшысы айтып өткендей, үш тілді білім беруді енгізу бойынша 2015-2019 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданып, соңғы екі жылда жергілікті бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаржы бөлінген.


Ең алдымен, қаражат жаңа оқулықтарды әзірлеуге және сатып алуға жұмсалды. Орыс мектептеріндегі қазақ тілі оқулығын қазақстандық профессор Фаусия Оразбаеваның авторлығымен, қазақ мектептеріндегі орыс тілі оқулығы ресейлік профессор Елизавета Хамраеваның, ағылшын тілі – Кембридж әдістемесімен әзірленген.


Облыста әр түрлі пәндер бойынша мұғалімдердің тіл меңгеру деңгейін көтеру бағытында біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Өңірімізде былтырғы жылы 3500, биыл 2500 мұғалім арнайы тіл курстарынан өткен.




«Кешенді жоспардың бірінші кезеңі бойынша үздік нәтиже көрсеткен мұғалімдерді материалдық жағынан дифференциалды ынталандыру жүйесі қарастырылған. Ол оқушылардың білім көрсеткішіне қарай жүзеге асады. Биыл арнайы тіл курстарынан өткен 12 мұғалімге 170-800 мың теңге көлемінде сыйақы берілді»

Даниал Аxметов, облыс әкімі



Мұғалімдерге сыйақы берілді


-Өңірімізде 2015-2019 жылдарға арналған Үштілділікті дамытуға арналған кешенді жоспар мақсатты түрде іске асырылуда,-дейді облыстық білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының директоры Мұңлық Асанова. -Үстіміздегі жылдың 1 тамыз – 2 желтоқсан аралығында 1151 ағылшын тілі мұғалімдері ағылшын тілін оқыту әдістемесін меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған ТКТ сертификатына оқытылды. Жоғары нәтиже көрсеткен мұғалімдер үшін тікелей тіл тасымалдаушылардың шақырылуымен ағылшын тілін бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі бойынша арнайы курстар өткізілді. Ең жоғары нәтиже көрсеткен 21 мұғалімнің 11 ағылшын тілі мұғалімі CELTA халықаралық сертификатына шетелден келген жаттықтырушылардан білім алуда. Аталмыш сертификат ағылшын тілін әр түрлі санатты адамдарға халықаралық деңгейде үйретуге мүмкіндік береді.


Осы орайда жуықта ғана Семейдегі М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде және Өскемендегі «Нұрорда» мектеп-лицейінде 972 мұғалім емтихан тапсырды. Ал осы айдың соңына қарай өтетін сынақтың екінші кезеңінде 179 мұғалім емтихан тапсыратын болады.

Кешенді жоспардың екінші кезеңін іске асыруға облыстық бюджеттен 497 миллион теңге бөлінді. Енді әр тоқсан сайын сөйлеу әрекетінің төрт дағдысы бойынша оқушыларға диагностика өткізілетін болады.


Сондай-ақ, пән мұғалімдеріне кәсіби ағылшын тілін үйрету және пәнді кіріктіріп оқыту әдістемесін оқыту қарастырылған. Облысымызда тілдік пәндерді оқытып, табысты жұмыс істеп жүрген мұғалімдерге материалды түрде сараланған көтермелеу жүйесі енгізілгені белгілі.

Биыл үштілділікті дамытуға бағытталған кешенді жоспар аясында облыс әкімінің арнайы сертификатына ие болғандар – Риддер, Өскемен, Семей, Зырян, Бородулиха мектептерінің білімді де білікті ұстаздары Лада Никушина, Елена Елисова, Светлана Подхомутникова, Елена Кивина, Ирина Лабукова, Юлия Кузнецова, Анастасия Лукина, Самға Қасенова, Меруерт Шынтемір, Альмира Қанафина, Альмира Нұрсолтанова, Дәмегүл Ерімбетова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив