KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 2 м/с, З
479.71 533.77 5.16

НҰРСҰЛТАНДАР КӨБЕЙІП КЕЛЕ ЖАТЫР

7.12.2017, 09:52 121

Ата-бабамыз сәбиге ат қоюға келгенде қашан да құлаққа жағымды естілер, баланың болашағына ықпал етер, сирек кездесетін, талабына жол ашар мағыналы, әдемі есімдерді таңдаған.

Жұлдызшылар бала есімінің оның келешегіне, өміріне, тағдырына тигізер өзіндік әсері туралы көп айтып келеді. Иә, кім де болса сәбиіне ең жақсы есімді қоюға тырысады. Отандастарымыздың балаларына, немерелеріне ырымдап жиі қойып жүрген сондай ерекше деген есімінің бірі - Нұрсұлтан. Шығыс Қазақстанда Қазақстан Президентінің есімін алып жүрген ұлдардың, жігіттердің саны бүгінде бірнеше жүзден асып отыр. Әсіресе еліміз Тәуелсіздік алған 1991 жылы туған балаларға ата-аналары жаппай егемен еліміздің тұңғыш Президентінің атын - Нұрсұлтан есімін қойғаны есімізде.

Облыстық әділет департаменті АХАТ бөлімінің қызметкері Самал Жүнісованың бізге берген мәліметтері бойынша, осыдан он, жиырма жыл бұрынғы ол кездерді қоспағанның өзінде соңғы бес жылда Шығыста 226 сәбиге Нұрсұлтан есімі қойылған екен. Өңірде 2013 жылы 53, 2014 жылы 55 сәбиге Елбасының есімі берілген. Қазақстан Президентінің құрметіне орай ұл, қызына «Нұрзаман», «Нұрислам», «Нұрсұлу», «Нұрай», «Нұрсая» деп «Нұр»дан басталатын есімді қойғандар тіптен көп. Биылғы 2017- жылдың бүгінгі күніне дейін өңірде 29 Нұрсұлтан дүниеге келген.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив