KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 2,9 м/с, В
441.66 475.14 4.86

Семей әуежайында жұмысшылармен жүздесті

2.12.2017, 14:24 104

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінде Семейге арнайы жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Даниал Ахметов, күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатқан Семей қаласының әуежайын аралап көрді. Осындағы жұмысшылармен кездесіп, еңбек адамдарын мерейлі ұлттық мерекелерімен құттықтады:


-Біз сіздермен жалпыхалықтық мереке-Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін салтанатты атап өтудеміз. Шығысқазақстандықтар Елбасымыздың ұсынысымен дамудың өзімізге тән қазақстандық жолын таңдап алдық, соның бір белгісі мына өздеріңіз салып жатқан әуежай құрылысы. Елбасының халық игілігі үшін жасап отырған кез келген бағдарламасы ел тарихындағы ерекше оқиға. Сонымен қатар, «ЭКСПО-2017» дүниежүзілік көрмесінің елімізде өтуі де, әлемдік қауымдастық алдында Қазақстан үшін аса маңызды болды. Өздеріңіз сияқты қарапайым еңбек адамдарының арқасында, істі адал атқарғандарыңызға орай қайтадан жөндеу жұмыстары біршама жақсарғанын байқап тұрмын. Ұшып-қону жолағын жөндеу, әуежай аэробекетін қайта құруға тиесілі мәселелерді өткенде ескертіп ем, дер кезінде қолға алынған екен. Әуежай халықаралық бағытта мыңдаған жұмысшыларға сапалы қызмет көрсетуі тиіс, сондықтан да барлық күш-қуаттарыңызды толық пайдаланып, жұмыс істеңіздер деймін.


Мердігер ұйым «Терезе» ЖШС-і өкілі Лұқбек Тұмашинов, облыс басшысына алдағы шілде айында жұмысты толық аяқтаймыз деп сендірді. Әуежай маңайынан ұшу-қону жолағы мен әуежайды толық қалыпқа келтіру үшін осы тұстан кішігірім зауыт ашылып, онда бетон жасау, өңдеу жұмыстары қолға алыныпты. «Терезе» ЖШС-і көптеген жұмыстарды қалпына келтіргені бірден байқалды. Айта кету керек, Семейдегі әуежайдың тозып кеткендігіне 30 жыл болып отыр.

Түбегейлі жөндеу үшін бүгінде «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы 10,197 млрд. теңге бөлінген. Және Семей әуежайы Қазақстандағы ең бір проблемасы көп, шығынға батқан, әрі күрделі жөндеуді талап ететін әуе тасымалы қызметінің түрі болып саналады. Егер әуежайды тиісті инфрақұрылымымен бірге жөндеуден өткізсе, жолаушылардың қатары төрт есеге ұлғаяды екен. Өз еліміздің ішінде ұшып-қону былай тұрсын, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропа елдеріне қатынайтын әуе жолының транзиттік бағытында да жұмыс істей алатын болмақ. Қазірде мұнда бір ғана әуе компаниясы қызмет етсе, толық жөндеуден өткен соң, мұнда бірнеше әуе компаниясы жұмыс жасамақ. Сөйтіп, ұшақ билетінің бағасы да едәуір арзандайды. Қала әкімі Ермак Бидахметовтың айтуынша, осында тек әуе қызметі ғана емес, көлік, теміржол тасымалы да жұмылып, логистикалық орталыққа айналуы әбден мүмкін. Ол жобада бар мәселе. Әуежай 1982 жылы салынған. Қазіргі уақытта Семейден тек бірнеше бағытқа ғана авиамаршрут бар екен. Яғни Астана, Алматы, Мәскеу, Өскемен қалаларына ғана ұшуға болады. Аудандардан халық Үржар өңіріне көбірек сапарға шығады. Семей әуежайының директоры Нұртай Оспановтың айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы жөндеу жобасы 22 айға лайықталған. Күрделі жөндеулер біткен соң, ең соңында әуежай халықаралық ИКАО стандарттарына сай жауап бере алатын нысан аталып, барлық талаптардан өткен соң халық игілігіне беріледі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив