KZ
Өскемен
снегопад жел 6 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

«Торпедо» турнир кестесіндегі жағдайын біршама жақсартып алды

21.11.2017, 04:22 158

Сырт айдында қатарынан екі жеңіске жеткен өскемендік «Торпедо» турнир кестесіндегі жағдайын біршама жақсартып алды. Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 23-ші және 24-ші турларында қонақта «Южный Урал» (Ор) және «Горняк» (Учалы) командаларымен кездескен жерлестеріміз қарсыластар қақпасына 10 шайба соқты.


Айта кетер жайт, бұл ойындарға өскемендік ұжым жаңа бас бапкермен аттанған болатын. Естеріңізде болса, өткен аптада команданың бұрынғы жаттықтырушысы Алексей Ждахин қызметінен кетіп, орнына 59 жастағы білікті бапкер Мисхат Фахрутдинов тағайындалған-ды. Мисхат Кашафутдинұлы үшін бұл қызмет орны бөтен емес. 2015-2016 жылдарғы маусымда «Торпедо» тізгінін дәл осы маман ұстаған болатын.


Жаңа бапкердің алғашқы қадамдары сәтті болды деп айтуға толық негіз бар. Алдымен Ор қаласында «Южный Урал» хоккейшілерімен кездескен өскемендік команда америкалық легионер Тэннер Соренсонның дәл соққысы арқасында 1:0 есебімен жеңіске жетсе, артынша Башқұртстанның Учалы қаласында жергілікті «Горняктің» тас-талқанын шығарды. Есеп 9:4! Бұл ойында «Торпедо» сапынан Далхьюзен, Соренсон (екеуі де дубль жасады), Коротков, Миллер, Рымарев, Шин мен Метальников көзге түсті.


Осы екі жеңісінен кейін 38 ұпай жинаған жерлестеріміз турнир кестесінің 13-ші сатысына көтерілді. Бүгін «Торпедо» сырт айдында Төменгі Тагилдің «Спутнигімен» күш сынасатын болады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив