KZ
Өскемен
+3°
туман жел 1 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Бір жеңіс, бір жеңіліс

21.12.2017, 08:41 115

Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 33-ші және 34-ші турларында турнир кестесінің төменгі жағында орналасқан «Рязань» мен «Буран» (Воронеж) командаларына қонаққа барған өскемендік «Торпедо» ойламаған жерден ұпай жоғалтты.


Алдымен Рязань қаласында аттас командамен шеберлік сынасқан жерлестеріміз америкалық шабуылшы Тэннер Соренсонның дәл соққысы арқасында 1:0 есебімен қарсыласынан басым түскен. Бұл «Торпедоның» қатарынан жеткен үшінші жеңісі болатын.


Өкінішке қарай, Мисхат Фахрутдиновтың жігіттері бұл жеңісті сериясын ұзарта алмады. Воронеж қаласында өткізген келесі кездесуінде жергілікті «Бураннан» 3:4 есебімен жеңіліс тауып, қолда тұрған үш ұпайдан қағылды. Олай дейтініміз, матч барысында торпедолықтар өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланып, ойынның аяқталуына төрт минут қалғанда есепте алда тұрған. Алайда кездесудің 57-ші және 60-шы минуттарында қақпасына екі шайба жіберіп алған жерлестеріміз үйге құр қол қайтуға мәжбүр болды. Бұл матчта «Торпедо» сапында Денис Игнашин, Тэннер Соренсон мен Брендан Миллер шайба соқты.


Турнир кестесіндегі жағдайға келетін болсақ, 34 ойыннан кейін 57 ұпай жинаған өскемендік команда 10-шы орнын сақтап қалды. Жерлестеріміз келесі төрт ойынды өз айдынында өткізбек. Алдымен 22 желтоқсан, жұма күні хоккейшілеріміз қазандық «Барс» командасын қабылдайды. Ойынның басталуы кешкі сағат 18.30-да.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив