KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

"Торпедо"қонақта «Челметпен» кездесіп 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетті

24.11.2017, 10:06 121

Сырт айдындағы ойындар сериясын Челябі қаласындағы матчпен аяқтаған «Торпедо» хоккейшілері Өскеменге жақсы көңіл-күймен оралды. Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 26-шы турында қонақта «Челметпен» кездескен жерлестеріміз 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.


Осының алдындағы матчта ойламаған жерден көш соңында келе жатқан Төменгі Тагилдің «Спутнигінен» ұтылып қалған Мисхат Фахрутдиновтың командасы Челябідегі кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ ойын тізгінін өз қолдарына алып, қарсылас қақпасына лап қойды. Соның нәтижесінде бірінші кезеңнің 17-ші минутында Иван Ивановтың дәл соққысы арқасында есепте алға шықты.


Екінші кезеңде де жерлестеріміз қарқынын бәсеңдетпей, челябіліктер қақпасына соққыны қарша боратқанымен, таблодағы есеп өзгеріссіз қалды. Дегенмен соңғы жиырмаминуттықта «Торпедо» сапындағы канадалық Бренден Миллер мен америкалық Тэннер Соренсон бір-бір мәрте көзге түсіп, есепті 3:0-ге жеткізді.


Бұл ойында торпедолықтар айдын иелері қақпасына барлығы 56 соққы жұмсағанын айта кеткен абзал («Челметтің» көрсеткіші – 35).


Осы жеңісінен кейін 41 ұпай жинаған өскемендік ұжым турнир кестесінде екі сатыға көтеріліп, 12-ші орынға орналасты. Енді Мисхат Фахрутдиновтың командасы өз айдынында қатарынан төрт ойын өткізетін болады. Оның алғашқысы 27 қараша күні сағат 18.30-да басталады. Бұл матчта жерлестерімізге «Южный Урал» (Ор) қарсылас атанбақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив