KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
484.11 528.79 5.03

ШҚО санавиациясы үлкен ерлік жасады

21.11.2017, 03:02 122

Облыс орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан Ақжар ауылында дүниеге келген жеті айлық нәресте облыстық ана мен бала орталығына «Қазавиақұтқару» АҚ-ның «EurocopterEC 145» тікұшағымен жеткізілді.


Шала туған шарана дәрігерлердің бақылауын қажет етті. Алғашқы күні кішкентай пациентке көмекке республикалық санавиация орталығының облыстағы филиалының дәрігерлері АН-2 ұшағымен ұшып шыққан болатын. Алайда ауа райының қолайсыздығынан экипаж жерге қона алмай, кері қайтқан-ды.


Келесі күні Төтенше жағдайлар комитеті «Қазавиақұтқару» АҚ-ның әуе кемесінің командирі Болат Доскенов күннің қысқарғанына және ауа райының қолайсыздығына қарамастан, ұшу туралы шешім қабылдады. Санавиация қызметінің екі дәрігері, инженер және командирден тұратын экипаж Ақжарға дәрігерлік көмек көрсету үшін медициналық құралдармен жабдықталған тікұшақпен ұшып шықты. Дер кезінде жеткізілген нәрестеге білікті жәрдем көрсетілген, қазір сәби дәрігерлердің бақылауында.

Санавиация дәрігерлері мен «Қазавиақұтқару» АҚ-ның пилоттарының адам өмірін құтқарған кезі жалғыз бұл емес. Мамандар барған жерлерінде жылына 40 шақты операция жасайды. Экипаж мүшелеріне баруы қиын жерлерден омыртқасы жарақат алған, күрделі бас-ми жарақаттары бар науқастарды облыстың емдеу мекемелеріне тасымалдауға тура келіпті. Дайындықтан Германияда өткен экипаж мүшелері халықаралық сертификатқа ие және таулы аймақтарға ұшуға рұқсаты бар.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив