KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Қайтарылған активтер қорына қанша қаражат түсті?

depositphotos.com

15.10.2024, 16:00 70 Ержан Әбіш

Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында қайтарылған активтерге арналған арнайы шотқа қанша қаражат түскенін айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

«Біздің Қаржы министрлігінде арнайы шот бар. Бүгінгі таңда осы шотқа 176,9 млрд теңге жиналды. Ол ақша ең керек инфрақұрылымдық шараларға жіберіледі. Оның тізімін шығарып жатырмыз. Мысалы, өңірлерде ауызсу проблемасы өте көп, соған жібереміз. Сондай-ақ, энергия тапшы өңірлер болса, жоба жасап қаржы бағыттаймыз. Осының бәрін Үкіметте ақылдасқаннан кейін ашық көрсетеміз», - деді министр.

Оның айтуынша, мүлік түрінде қайтарылған активтер бөлек жиналып жатыр.

«Мүлік бұл қорға түспейді. Оған бөлек компаниямыз бар. Олар оны пайдаланады немесе сатады. Оның толық тізімін қосымша беруге болады. Дәл қазір қанша теңгенің мүлігі қабылданғанын айта алмаймын», - деді Мәди Такиев.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив