KZ
Өскемен
-12°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Күршім ауданындағы көпір құрылысы: сапа тексеру нәтижелері

15.10.2024, 11:20 115 Төлеуғазы Жансая

Шығыс жұрты жылдар бойы күткен Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы барысында сапа бақылауы мен сараптамалары бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді. Тіпті, құрылыс тәмамдаған соң да талап бойынша сынау-тексерулер атқарылды. Себебі, екі жағалауды жалғаушы көпірдегі материалдардың талаптарға сәйкестігі мұқият тексерілуі - адам өмірі қауіпсіздігінің кепілі.

Сынақтау кезінде жалпы тексеру сапары – 66 рет жасалды. Жол құрылыс материалдары бойынша алынған және сынақтан өткізілген сынамалардың жалпы саны – 335. Бұл – қиыршық тас, құм және қиыршық тас-құмды бірдей есепке алғандағы сынамалар. 
Көпір құрылысында сапа бақылауы мен түзетулер үздіксіз жүргізіліп, барлық анықталған мәселелер жоспарлы түрде дер кезінде шешілді. Сынақ сол үшін де жасалады - шикілік болса пісіріліп, олқылық болса орны толтырылуы тиіс. Қыруақ құрылыс жұмыстары сыналған барлық сынақ нәтижелері Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін жаңа көпірдің нормативтік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін және үлкен жүктемелерге төтеп бере алатынын растады.Еске сала кетейік, көпір құрылысы 2021 жылы Күршім ауданындағы Құйған ауылының маңында басталған. Екі жолақты жол өткелінің ұзындығы 1316 метр. Бұл – еліміздегі ең ұзын көпір.

«ҚазАвтоЖол» ҰК  «ШҚОФ» мен
 «Жол активтері сапасының
 ұлттық орталығы» деректері

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу