KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОБ
484.11 528.79 5.03

Бұқтырма көпірі ашылса паромдар қайда кетпек?

Фото: видеодан скриншот - Александр Малиновский you tube арна

Бүгін, 15:00 9 Төлеуғазы Жансая

Республика күнінің қарсаңында Шығыс Қазақстанда Бұқтырма көпірінің ашылуы болады деп күтілуде. Күні бүгінге дейін қос жағалау арасында жолаушы тасымалдаған 2 үлкен паром басқа өткелдерге орналастырылатын болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұқтырма көпірінің ашылуы паромға деген қажеттілікті жоятыны мәлім. ШҚО Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовтың айтуынша, екі паромның бірі қыс мезгіліне дейін Васильевский өткеліне қойылмақ. Ал екіншісі бұрынғы Октябрьский өткеліне орналастырылады. Қазір ол маңда жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ол бағыттағы трассаның 98-ші шақырымында Сажаевка деген ауыл бар, сол маңдағы өткелге паром қойылса облыс орталығынан қатынайтын жұрт жол-жөнекей Алтайға кірмей Үлкен Нарын мен Катонқарағайға тікелей баруға мүмкіндік алады. Сайып келгенде, ұзындығы 250 км болатын жол паром арқылы жүргенде шамамен 70 км-ге қысқармақ.

-Аталмыш паромдарды туристік мақсатта да пайдалану туралы талқыланған, алайда ескі екі паромның әрқайсының тек бір бағытқа барып-қайтуына рейсіне 200 л жанар-жағармай жұмсалады. 1 күнде 1 тонна жанар-жағармай шығындалатын көлік экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Сол себепті бұл техника қажетті деген өткелдерге қойылатын болады, - дейді Нұржан Сайлаубекұлы.

Жалпы, Ертісте су көлігі арқылы туризмді дамыту үшін үлкен кемелер керек екендігі алға тартылды. Бүгінде тиісті Заңға өзгеріс енгізілуде, онда кеме сатып алып, кәсіп бастаймын деген отандық кәсіпкерлерге субсидия бөлу жағы қарастырылуда.

-Оның үстіне айлақтардың барлығы жеке меншікке өтіп кеткен, инфрақұрылымды қайта құрып немесе қайтарып алмай тұрып суда тасымал ұйымдастыру оңай емес, - деп қосты құзырлы басшы Н.Жұмаділов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив