KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Келесі жылдан бастап елімізде зейнетақы өседі

depositphotos.com

15.10.2024, 10:01 62 Ержан Әбіш

Республикалық бюджет 2025 жылдан бастап зейнетақыны ұлғайтуды жоспарлап отыр. Базалық зейнетақы төлемдері ұлғайтылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

зейнетақының ең төменгі мөлшері - 62 771 теңге (қазір 57 853 теңге);

базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 32 360 теңге (қазір 28 215 теңге).

Бұл ретте жасы мен еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерін 8,5%-ға арттыру жоспарланып отыр.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 237,2 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 389,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 848 млрд теңге қарастырылды.

Сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова елімізде зейнет жасы төмендетілмейтінін айтты.

– Бүгінде бұл мәселе қаралып жатқан жоқ, – деді министр Үкімет сағатында.

Жақыпова атап өткендей, 2023 жылдан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын ұлғайтуға 5 жылға мораторий енгізілген.

2028 жылға дейін қазақстандық әйелдер 61 жаста, ер адамдар 63 жаста зейнетке шығады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив