KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Аягөзде атқарылып жатқан шаруа көп

20.11.2017, 09:10 170

Биыл аудандағы Нарын, Бидайық, Баршатас, Ескі Майлин ауылдарының көшелеріне бағандар орнатылып, жарық шамдары қойылды.


Аягөз қаласы бойынша Б.Момышұлы, Шәкәрім, Х.Дүйсенов, Қабанбай батыр, Ш.Уәлиханов көшелерін жарықтандыруға 143 баған, 268 дана жарық шамы орнатылды. Б.Момышұлы көшесіне 43 баған, 86 шам, Шәкәрім көшесіне 18 баған, 18 шам, Х.Дүйсенов көшесіне 37 баған, 37 шам, Қабанбай батыр көшесіне 32 баған, 32 шам, Ш.Уәлиханов көшесіне 14 баған, 14 шам орнатылды.


Қала бойынша жалпы жарықтандыру шамдарының 60 пайызы жарық энергиясын үнемдеуші шамдарға ауыстырылған.

Қала ішіндегі жолдарды жөндеу жұмыстары қатты қарқын алған. Қабанбай батыр көшесін қайта жаңарту жұмыстары жыл аяғында, желтоқсан айында аяқталады. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолағы, тротуар салу, жарық бағандарын орнату, асфальтың екінші қабатын салу, жол белгілерін қою, 4 автобус аялдамаларын орнату секілді жұмыстар атқарылуда. ҚазірҚабанбай батыр көшесімен қиылысатын бірқатар көшелердің қиылыстарына бағдаршамдар орнатылды. Бұдан өзге Шәкәрім көшесіне 8547 шаршы метр, Молдағұлова көшесіне 2538 шаршы метр және Ақанаев көшесіне 2428 шаршы метр асфальт төсеу жұмыстары жүргізілгенін айта кеткен ләзім. Ойлы, шұңқырлы жолдарды тегістеп, жөндеу жұмыстарына 3 450 м2 жоспарланған. Қазір Абай бульвары, Б.Момышұлы, Х.Дүйсенов, Ақтанберді, Сулейменов, Гагарин көшелеріне жалпы 2530 м2 жасалды.


Сол сияқты, Б.Момышұлы, Ә.Тәңірберген көшелеріне бетонды қоршаулар орнатылып, Барақ Батыр, Талды көшелері жолына құм аралас тас (ПГС) төгіліп, тегістелді. Бұл жұмыстар Құлсейітов, Жамбыл, Тоқсанғазин көшелерінде де жалғасын табуда.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив