KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 3 м/с, СБ
482.86 533.17 5.08

Аягөз биыл да аббаттандырылып, жасыл желекке бөлене бермек

26.02.2018, 06:55 197

Соңғы жылдары аудан орталығы -Аягөз аббаттандырылып, жасыл желекке бөленіп келе жатыр. Көшелерге асфальт төселіп, жарық шамдары жарқыраған бағандар орнатылуда.


Б.Момышұлы, Шәкәрім, Х.Дүйсенов, Қабанбай батыр, Ш.Уәлиханов көшелерін жарықтандыруға  жалпы 143 дана жарық бағандары мен 268 дана жарық шамы орнатылған. Б.Момышұлы көшесіне 43 баған, 86 шам, Шәкәрім көшесіне 18 баған, 18 шам, Х.Дүйсенов көшесіне  37 баған, 37 шам, Қабанбай батыр көшесіне 32 баған, 32 шам, Ш.Уәлиханов көшесіне 14 баған, 14 шам орнатылды. «Ардагер», «Қозы Корпеш- Баян Сұлу», «Алтын адам» саябақтары, орталық алаң, Б.Момышұлы және тағы да басқа көшелерге гүл егілді. Жүздеген шырша мен екі жарым мың шынар ағаштарының көшеттері отырғызылды.  Жүз мың метрге жуық газонға күтім жасалады. Сондай-ақ, қала бойынша жалпы жарықтандыру шамдарының 60 проценті энергия үнемдеуші шамдарға  ауыстырылған.  Сол сияқты, елді мекендер мен ауылдық округтер де мұндай игілікті шараның шарапатын көруде. Мәселен, былтыр Нарын, Бидайық, Баршатас, Ескі Майлин ауылдық округтері жарықтандырылып, Малкелді, Өркен, Байқошқар, Қосағаш  ауылдарында балалар ойын алаңын жабдықтау жұмыстары жүргізілді (Бұл іс биыл да жалғасын таппақ). Мәдениет ауылдық округіне  аралас футболдық, волейболдық спорттық алаңын салу жұмыстары  аяқталды. Мыңбұлақ, Ақшәулі, Мәдениет, Бидайық Айғыз, Ақши, Емелтау, Майлин, Қопа, Мамырсу, Тарлаулы,  Ақшатау (Дөненбай ауылы), Қосағаш ауылдық округтерінің аумағын абаттандыруға қаржы қаралды. Ақтоғай кентінің екі көшесін жөндеу, тұрмыстық күл-қоқыс төгу орны құрылысының ЖСҚ-на түзетулер енгізу және Баршатас, Сарыарқа  ауылдық округтерінің көшелерін ағымдағы жөндеу бойынша  жұмыстар жүрді.     Сондай-ақ, аудан орталығында жаңа заман талабына сай екі бірдей субұрқақ салынып, іске қосылды. Осының бәрі көнеден келе жатқан, тоғыз жолдың торабына орналасқан тарихи қала –Аягөздің сәні мен салтанатын асыра түскені анық.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив