KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Қоғамдық көлікке отыру қауіпке айналды

14.12.2017, 18:27 110

Кеше редакциямызға №55 автобустың бүкіл жол бойына есігі жартылай ашық тұрғандығын айтып, қала тұрғыны хабарласты.  Қауіпсіздікке алаңдаған жолаушының айтуынша, есік бұзылып тұрғандықтан дұрыс жабылмаған.  Бұл жағдай жолаушыларды алаңдатқанмен, автобус жүргізушісі жүрісін жалғастыра берген.


Бұл бізге қатынайтын автобустарға қатысты жалғыз мәселе емес.Қоғамдық көліктер өте сирек жүретін болды. Аялдамада бір сағаттай күтуге мәжбүрміз, ал оның себебін түсіндіріп жатқан ешкім жоқ,-деді Ахмер ауданының  тұрғыны Талғат Шөкенов.

Дәл осы қоғамдық көліктерге қатысты мәселе облыс әкімі қатысқан  жиындарда бірнеше рет талқыланғаны рас.  Статистикалық мәліметтер бойынша шаһардағы көлік құрамының  30% -ның тозығы жеткен.  Ал жолақының өсуі бұл проблеманы шешер емес. Автотасымалдаушылар құрғақ уәден аса алмай отыр.


–  Бұндай ақаулар түзеледі,  тағы да қайталанған жағдайда  автотасымалдаушылар әкімшілігінің байланыс телефонына  хабарласуға болады, ондай деректер барлық автобустарда жазылған,- деп  кеңес берді  Өскемен қалалық жолаушылар тасымалы басқармасы Орталығының өкілдері.


Айтпақшы жоғарыда айтылған автобуста болған кемшілікті жоюға уәде берілгенмен, ол әдеттегідей  сөз күйінде қалыпты.  Бүгін жолаушылар автобус есігінің ауық-ауық өздігінен ашылып кетіп тұрғандығын айтып тағы хабарласты.  Сайт редакциясы бұл  жағдайды ары қарай  бақылайды және автотасымалдаушы компания жетекшілерінің пікірін тыңдауға әзір.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив