KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
478.93 534.96 5.16

Өскеменде автобус оқушыны қағып кетті

22.12.2017, 09:31 156

Өскемендегі «Восток» стадионының жанында жол көлік оқиғасы орын алды.

Куәгерлердің айтуынша, өз бағыты бойынша келе жатқан № 42 автобустың жүргізушісі жаяу жүргіншіге арналған жолақта оқушыны қағып кеткен.


-Сағат 7.40 –та 102 нөміріне ер адам телефон шалып, автобус жүргізушісі Гагарин бульвары бойында 2006 жылы туған ұл баланы қағып кеткенін хабарлады, - дейді ІІБ-ның баспасөз хатшысы Әсел Әміренова. – Хабарласқан адам қоғамдық көлік жүргізушісі болып шықты. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғанын себеп-салдарын анықтауда. Тергеу амалдары жүргізілетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив