KZ
Өскемен
+15°
туман жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Тұрсын Жұртбай семейліктерге «Ұраным-Алаш!» трилогиясын сыйға тартты

7.11.2017, 03:45 159

Жазушы, алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай Семейде болып, қалың оқырманға өзінің Алаш қозғалысына арнап жазған үш томдық кітабы «Ұраным-Алаш!» трилогиясын сыйға тартты.


Бұл кітап орыс тіліне де аударылған еді. Алаш зиялыларының үстінен жүргізілген тергеу материалдарының негізінде жазылған көп жылғы зерттеу еңбегі «Ұраным- Алаш!» кітабын семейліктер асыға күткендіктерін де жасырмады.

-Тұрсын Жұртбай сан қырлы адам. Ол жазушы, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы,-деді кітапхана директоры Гүлнар Жігітбаева.


Жазушы, ғалым кітапханада қонақта болып, сирек басылымдар қорымен танысты. Өзінің жерлестері, белгілі әнші сазгерлер Мәдениет Ешекеев, Болат Сыбанов, Тұрсынғазы Рахимов, Кеденбай Өлмесековтер туралы бейне-естеліктер жазып қалдырды.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив