KZ
Өскемен
снегопад жел 5 м/с, ОШ
491.71 529.97 5.05

Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері аудандардағы әріптестерімен тәжірибе бөлісті

6.11.2017, 11:19 174


Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері тәжірибелерімен бөлісу мақсатында каникул кезінде аудандардағы әріптестеріне барып қайтты. Елбасы мектебінің «педагогикалық десанты» Катонқарағай, Күршім, Марқакөл, Көкпекті және басқа да аудандарды аралады.


Назарбаев мектебінде каникул ертерек басталатындықтан, зияткер балалардың мұғалімдері ауылдағы әріптестеріне семинарлар өткізіп, оқушылармен ашық сабақ жүргізіп үлгерді. Осылайша олар сабақтың табысты өтуі балалардың дарындылығында ғана емес, мұғалімнің оқушының бойында ойлау мен дамуға деген ұмтылысты оята білуінде екенін дәлелдеп берді.


– Біздің топқа география пәнінің мұғалімі Дана Абикенова, химия пәнінің мұғалімі Зайраш Садуақасова және мен, тарих пәнінің мұғалімі кірдік, - дейді Альмира Ибраимова. – Біз Қалжыр орта мектебіне маңайдағы елді мекендерден 45 мұғалімді жинап, аталмыш пәндерді жаңартылған оқу бағдарламасына сай оқыту бойынша әдістемелік көмектер көрсеттік. Семинар барысында география пәні оқытудың белсенді әдістемелерін қолдана отыра жүргізілді. Оқушылар өткен тақырып бойынша терең білімдерін көрсетіп, картамен жұмыс істеді, постер әзірледі. Химия сабағында балалар топтарға бөлініп сараптамалар жүргізді, талдаулар жасады және мәліметтер бойынша постер жасап, қорытындысын шығарды. Дүниежүзі тарихы сабағы да оқушылар үшін қызықты болып ұйымдастырылды.

Өткізілген сабақтар ауылдық әріптестерінің жоғары бағасын алды. Үш шеберлік сыныптарының барысында жергілікті педагогтар сабақты ұйымдастыруға, бағалаудың жаңа тәсілдеріне қатысты өздерін толғандырған барлық сұрақтарына жан-жақты жауап алды. Нәтижесінде зияткерлік мектебінің педагогтары желтоқсан айында №1 Марқакөл орта мектебінде басқа пәндердің мұғалімдерімен үлкен семирнар өткізуге шақырылды .


Мектептің баспасөз хатшысы Роза Құмарғажинаның айтуынша, басқа аудандарға барған мұғалімдер де осындай пікірлер айтып келген. «Педагогикалық десантқа » қатысушылар ауылдағы әріптестерінің Назарбаев зияткерлік мектебі мұғалімдерінің тәжірибелерін таратуына, оқытудың заманауи әдістемелерін үйренуге деген қызығушылықтары артқанын жеткізген.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив