KZ
Өскемен
+30°
гроза жел 7 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Шығыс Қазақстанның 4 мұғаліміне 2,4 млн теңгеден табысталды

3.10.2018, 07:07 121

Астанада «Үздік педагог» республикалық конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Бұл аталымға еліміздің 48 ұстазы лайық деп танылды. Олардың әрқайсысын ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев пен Дариға Назарбаева арнайы құттықтап, 2 405 000 теңгенің сертификатын табыстады.


Араларында Шығыс Қазақстанның 4 мұғалімі де бар. Семей қаласындағы № 5 Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпсалалы гимназиясының география пәнінің мұғалімі Қарлыға Шаяхметова, Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде физика сабағын оқытушысы Асхат Жұмабеков, Өскемен шаһарындағы № 38 гимназиясының ағылшын пәні мұғалімі Елена Кивина және де Дарынды балаларға арналған «Восток» зерттеу орталығы мектеп-кешенінде математикадан сабақ беретін Тамара Бутурлина үздіктердің үздігі атанып отыр.


Айта кетейік, қоғамда ұстаз мамандығының мәртебесін көтеруді мақсат еткен білімдар жандардың байқауы 2012 жылдан бастап ұйымдастырылып келе жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив