KZ
Өскемен
-7°
туман Штиль
479.23 534.96 5.16

Шардың барлық көшесіне асфальт төселеді

31.10.2017, 04:25 155

Биыл Шар қаласындағы бес жарым шақырым жолға асфальт төселді. Бұл жөнінде Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов айтты.


– Бұл – қала тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай. Келер жылы Шар шағын қалаларды дамыту бағдарламасына енгізілетін болады, осы ретте шаһардың көшелеріне қатысты 17 жоба әзірлеп қойдық. Бұл жобалардың жалпы құны 500 миллион теңге шамасында. Аталған жобаларымыз бағдарламаға енетін болса, Шар қаласында асфальтталмаған көше қалмайды, – дейді Нұрлан Сыдықов.


Аудан әкімінің айтуынша, шаһарда болашақта жаңа спорт кешені де пайда болмақ. Қазір оның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамадан өткізіліп қойыпты.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив