KZ
Өскемен
+27°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

ШҚО-да үлкен және шағын футболданоблыстық жарыстар аяқталды

16.10.2017, 13:01 125

ШҚО-да әуесқойлар арасында шағын футболдан «Көктем-Алтын күз 2017», сондай-ақ, үлкен футболдан ШҚО –ның абсолютты чемпионын анықтау мақсатымен өткен футбол жарыстары өз мәресіне жетті.


Ең алдымен, қазанның 14-і күні шағын футболдан облыс және қалалалар командаларының қатысумен «Көктем-Алтын күз 2017»жоғарғы лиганыңфиналдық ойындары өтті. Бұл жарыста барлығы 8 ұжым бақ сынасты. Ақтық ойындардарға өскемендік құрамалар жолдама алды. Атап айтсақ, «УССО МВД ВКО» командасы тұғырдың ең биік сатысына жайғасты, «Шығыс» командасы 2 орын иеленсе, «Батыр» ұжымы 3 орындықанағат етті. Бұл ойында төрешілер бірқатар ойыншыларды арнайы марапаттауды жөн керген екен. Айта кетсек, «Батыр» құрамасындағы Олжас Құрманбек «Үздік жартылай қорғаушы» атанды, «Шығыс» командасының сапындағы Егор Созинов «Үздік қақапашы» деген марапатқа ие болды, «Үздік техникалық ойыншы» атағын Қуаныш Қожабаев иеленсе (Шығыс ), Фархат Айтенов «Үздік қорғаушы» атанды (УССО МВД ВКО).


Келесі күні шағын футболдан бірінші лиганың ақтық ойындары және «Восток» орталық футбол алаңында облыстың ең үздік командасын анықтау үшін финалдық ойындар өтті. Ең алдымен бірінші лиганың қорытындысы бойынша «Торпедо-Союз» командасы (Өскемен қ.) 3 орынға ие болды, Ұлан ауданынан келген «Донской» құрамасы 2 орын алса,«Қайрат» командасы бірінші лиганың жеңімпаз атанды. Сол ойындармен қатарласа облыстың абсолютті үздік командасын анықтау үшін орталық алаңда шешуші ойындар өтті. Бұл бәсекеде өскемендік «Имсталькон» құрамасы 3 орынды иеленді, Зайсан ауданының футболшылары 2 орынға ие болса, Семей қаласынан келген «Достар» командасы облысымыздағы ең мықты құрама екендігін байқатып, абсолютті чемпион атағын жеңіп алды. Алдағы жылы семейлік команда үлкен футболдан әуесқойлар арасындағы Қазақстан біріншілігінде облыс намысын қорғайды. Аталмыш жарысқа қатысқан барлық команда қараша айында футзалдан өтетін қалалық сайыстарда шеберлік байқасатын болады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив