KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 1,6 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Шайбалы хоккейдің үздік ойыншылары анықталды

29.01.2013, 18:00 232


Күршімде шайбалы хоккейден ересектер арасындағы турнир өтті. Оған Теректінің, Ақсуаттың, Күршім ауылдық округінің, Діңгек ауылының және Күршім-1 командалары қатысты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


Тартысты бәсеке қорытындысында тамаша өнер көрсеткен Теректі командасы үздік шықса, 2-орынды Күршім-1 командасы, 3-орынды ақсуаттықтар жеңіп алды.

Ақсуат ауылынан келген Кенже Қабдуалиев турнирдің «Үздік қақпашысы» болып танылды. «Үздік шабуылшы» атағын теректілік Ержан Үркінов иеленсе, күршімдік Андрей Гришков «Үздік қорғаушы» атанды.

Жеңімпаз командаларға, үздік ойыншыларға аудандық денешынық-тыру және спорт бөлімінің мадақтама қағаздары мен сыйлықтары табыс етілді.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив