KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 1,6 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Өскеменде ардагерлер арасында шағын футболдан жарыс өтті

25.10.2017, 03:06 266

Өскеменде ардагерлер арасындағы шағын футболдан облыстық және қалалық біріншілік аяқталды. Сайысқа барлығы 10 команда қатысты.


Жарысқа қатыстушылардың дені 40 жастан басталды. Футбол додасына өскемендік командалардан бөлек, Жарма, Глубокое аудандарынан командалар келіп қатысты. Белгілі себептерге байланысты, Риддер қаласының құрамасы және Согра командасы аталмыш біріншілікті 2 айналымда аяқтады.


Сайысрегламенті бойынша, әрбір команда сапында 37 мен 40 жас аралығындағы 2 ойыншы болуы тиіс. Жарыс жолына шыққан әр құраманың бойынан жеңіске деген ұмтылысты аңғару қиын емес. Қызықты өткен ойындар нәтижесі бойынша,3-ші орынға «Кеден» ұжымы жайғасты, 2-ші орынды «Востокмашзавод» құрамасы иемденсе, шағын футболдан облыс және қалалық біріншіліктің жеңімпазы атағына «Имсталькон» командасы жетті(барлығы өскемендік командалар). Оның ішінде ШҚО футбол федерациясының ұйымдастыру комитеті бірқатар ойыншыларды арнайы марапаттады. Атап айтсақ, «Үздік қақпашы» атағына «имсталькондық» П.Полекарпов ие болды. «Востокмашзавод» командасының ойыншысы И.Литвинов «Үздік қорғаушы» ретінде марапатталды. «Кеден» ұжымының ойыншысы М.Алтынбеков «Үздік жартылай қорғаушы» атанса, «Үздік шабуылшы» ретінде ШҚО мәслихатыныңхатшысы, әрі облыстық футбол федерациясының президенті «имсталькондық» ардагер ойыншы Владимир Головатюк танылды. Барлық қатысушыларды қараша айында облыс және қалалық деңгейдегі футзал бәсекесі күтіп тұр.


ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив