KZ
Өскемен
-7°
туман Штиль
479.23 534.96 5.16

Өскеменнің өрт сөндірушілері тілсіз жаудан үш адамды құтқарып қалды

25.09.2017, 06:07 140

Өскемен қаласының өрт сөндірушілері қызыл жалыннан үш адамды құтқарып, тағы жеті тұрғынды басқа жаққа көшірді.


Өрт облыс орталығындағы Гоголь көшесінде орналасқан екі қабатты үйлердің бірінде шыққан. Құтқарушылар келгенше тілсіз жау есік пен терезенің жақтауларына, еден мен жиһаздарға ауыз салып үлгеріпті. Өрт қызметінің мамандары жеті адамды дереу басқа жаққа көшіруге мәжбүр болды. Қою түннің кесірінен тағы үш адам екінші қабатта қалып қойған. Оларды құтқарушылар балкон арқылы шығарып алды. Сондай-ақ оқиға орнынан екі газ баллоны алынды. Бұдан кейін өрт сөндірушілер отты көрші пәтерлерге тарамай жатып, сөндіріп үлгерді.


Өрттің жалпы аумағы 35 шаршы метрді құрады. Қазір оның шығу себептері мен кінәлілер анықталуда.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив